ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2023 | 09:43
Ер адам көршісінің атынан Алматы мен Астанада 13 нысанға "мина қойылғаны" туралы хабарлаған
Қостанай облысының тұрғыны жанжалдасып қалғаннан кейін көршісінің атынан Алматы мен Астанада 13 нысанға "мина қойылғаны" туралы хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысының тұрғыны жанжалдасып қалғаннан кейін көршісінің атынан Алматы мен Астанада 13 нысанға "мина қойылғаны" туралы хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылы терроризм актілері бойынша жалған хабарламалар саны артты. Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша, 181 қылмыстық іс қозғалды.
Әдетте, деректерді тексеру көп уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өртсөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел тергеу топтары барады. Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс режімі бұзылады.
Бұл күш пен құралдардың айтарлықтай ауытқуына әкеледі, тексерілетін коммерциялық кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды, террорлық шабуыл туралы жалған хабарламалар адамдарды эвакуациялау кезінде дүрбелең мен құрбандыққа әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 25 адам сотталған.
"Мысалы, 2022 жылғы шілдеде Қостанай облысының тұрғыны өз көршісінен кек алу мақсатында электрон поштасын бұзып, оның атынан Астана және Алматы қалаларының 13 нысандарына (сауда орталықтары, әуежайлар, банктер және т.б.) терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жіберген үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Алматы облысында құрдастарымен бәстесіп, электрон пошта арқылы 3 мектепті миналау туралы хабарлама жіберген 13 жасар бала анықталып, полицияға жеткізілді.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған үшін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, құқықтық тәртіпті қорғау органдарында қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін осындай құқық бұзушыларды жедел анықтау практикалық тәжірбиесі бар.
"Тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де әрекет етеді.
Жедел өзара іс-қимыл мақсатында шет мемлекеттермен интернет-кеңістіктегі анонимді хабарламалардың авторларына қатысты деректер алмасу бойынша Қазақстанның Бас прокуратураның үйлестірумен Будапешт конвенциясына ("Компьютерлік қылмыстар туралы") қосылуға жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді мамандар.
Сондай-ақ, Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрінеу жалған терроризм бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін "ауыр" санатына жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) туралы мәселені пысықтап жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также