28 қараша 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Қанат Бейсекеев: Тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша мен жеке жобалары туралы

ER-BATYR жобасында - танымал режиссер Қанат Бейсекеев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында отбасылық мәдениет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай әсер ететінін, өзгелерді кешіру неліктен жігерлендіре түсетінін, сондай-ақ тез әрі жеңіл табыс табу қалайша заманауи өмірдің негізгі ауруына айналғаны туралы сөз қозғайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - танымал режиссер Қанат Бейсекеев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында отбасылық мәдениет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай әсер ететінін, өзгелерді кешіру неліктен жігерлендіре түсетінін, сондай-ақ тез әрі жеңіл табыс табу қалайша заманауи өмірдің негізгі ауруына айналғаны туралы сөз қозғайды. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. 

Реклама
Реклама

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы және БҰҰ-ның Қазақстандағы Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) қолдауымен шығарылады. 

Қанат Бейсекеев - танымал режиссер, журналист, оператор және сценарист, New York Film Academy-дің түлегі. Ол Америкада тұратын қазақстандықтар туралы бірнеше деректі фильм түсіргеннен кейін таныла бастады. Оның жұмыстарының қатарында - Truckdriver, Kazakh Cop in Brooklyn, "Бала", "Хочу танцевать", "Соседи", "Просто Сабуров" және "Жусан. . Дорога домой. Казахи в ИГ" деректі фильмдері бар. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram