01 желтоқсан 2022 | 13:42

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметін сақтап қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбе облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, ол 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Реклама
Реклама

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.

1988-2001 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.

2001-2006 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.

2008-2017 жылдары - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017-2019 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі.

2019-2020 жылдары - ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная