Ербол Орынбаев ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды

Ербол Орынбаев. © Akorda.kz

Ербол Орынбаев ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Талғатұлы Ақышевқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқару жүктелді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ербол Орынбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі қызметінде 2013 жылдан бері болды. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып қызмет атқарған, сонымен қатар ел премьер-министрінің кеңсе жетекшісі болып екі мәрте тағайындалған еді. Әр жылдары Орынбаев Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары Президент Әкімшілігінің басшысының орынбасары болды. 2002 жылы республиканың экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама