Ерболат Досаев Сочиде инвестфорумға қатысты

Ерболат Досаев Сочиде инвестфорумға қатысты © "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі

"Б?йтерек" ?лтты? бас?арушы холдингі" А? Бас?армасыны? т?ра?асы Ерболат Досаев Сочиде Ресейлік инвестициялы? форум?а ?атысып, оны? барысында реми т?л?алармен ж?не ресейлік бизнес-??рылым басшыларымен бір?атар кездесу ?ткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Б?йтерек" ?лтты? бас?арушы холдингі" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының төрағасы Ерболат Досаев Сочиде Ресейлік инвестициялық форумға қатысып, оның барысында реми тұлғалармен және ресейлік бизнес-құрылым басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Досаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен, Экономикалық даму министрі Максим Орешкинмен және Ресей ФедерациясыныңҮкіметі Аппараты басшысының орынбасарыАндрей Слепневпен кездесіп, олармен екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастығының күн тәртібі талқыланды.

"Бәйтерек" Холдингінің басшысы Ерболат Досаев Челябинск облысының губернаторы Борис Дубровскиймен, Оренбург облысының Губернаторы Юрий Бергпен және Омбы облысының Губернаторы Виктор Назаровпен шекаралық сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Реклама
Реклама

Іскерлер арасында  Ерболат Досаев Ресей экспорттық орталығының бас директоры Петр Фрадковпен, "Газпромбанк" АҚ вице-президенті Сергей Некрасовпен, "РФ Жинақ банкі" Басқармасының Президент-төрағасы Герман Грефпен және Еуразия даму банкі Басқарманың төрағасы Дмитрий Панкинмен кездесті.

Форумның екі күндік қорытындысын шығара келе, Холдинг басшысы "Бәйтерек" холдингісімен ынтымақтастықты дамыту, ресейлік жетекші қаржы ұйымдарымен және даму институттарымен тәжірибе және алдыңғы қатарлы банктік технологиялармен алмасу екі елдің сауда-экономиалық байланыстарын одан әрі нығайтуға және инвестицияларын арттыруға ықпал ететін болады", - деді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама