ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 наурыз 2021 16:56
Ердоған 30-31 наурызда Қазақстанға келеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Түркия Президенті Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарланды", - делінген агенттік хабарламасында.
2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.
Айта кетейік, 1 қаңтарда Тоқаев пен Ердоған Түркия президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға келісті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу