Ердоған Астанаға келеді

Тоқаев пен Ердоған Ақорда баспасөз қызметінің архив суреті

13-14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жарнама
Жарнама

Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

Еске салайық, сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылуына қатысып, панельдік сессияда сөз сөйледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама