Ердоған Instagram-парақшасында Тоқаевқа бірнеше жазба арнады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Instagram-парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына қатысты бірқатар жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркия көшбасшысы екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, елдер арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтуға Тоқаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады.

Ердоған Тоқаевтың қызметке кіріскен сәтінен бастап Қазақстанның ынтымақтастықты дамытуға деген тұрақты ұстанымын көрсетіп келе жатқанын мәлімдеді. Достық пен серіктестікті нығайтудағы қызметі үшін Тоқаев ең жоғары түрік ордені – Түркияның Мемлекеттік орденімен марапатталды.

"Қазақстан Президенті, менің қымбатты ағам Тоқаев, алғашқы күннен-ақ Түркияның жақын досы екенін нақты қадамдарымен дәлелдеп келеді", — деп жазды Ердоған.

Реклама
Реклама

Ердоғанның айтуынша, Анкарада өткен кездесуде тараптар қорғаныс, энергетика, логистика, ғылым және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылап, екіжақты 20 құжатқа қол қойған.

Түркия Президенті Қазақстанның Түркия азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 90 күнге ұзарту шешімін ерекше атап өтіп, Тоқаевқа алғысын білдірді.

Еске салайық, Қазақстан Президенті 28 шілдеде ресми сапармен Анкараға барды. Тоқаевты Түркия Президентінің өзі қарсы алды.

Айта кетейік, Ердоған шетелдік көшбасшыларды әуежайда сирек қарсы алады — әдетте бұл міндетті ресми өкілдер атқарады. Мұндай ерекшелік тек ерекше достас мемлекеттер басшыларының сапарында ғана жасалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама