Ердоған Қазақстанға екі күнге сапармен келеді

Ердоған Қазақстанға екі күнге сапармен келеді

Т?ркия президенті Режеп Тайип Ердо?ан 11 желто?санда ?аза?стан?а келеді, - деп хабарлайды "Анадолу" агенттігі. Б?л туралы Т?рік мемлекеті басшысыны? ?кімшілігіні? баспас?з ?ызметі хабарлады. Т?ркия президенті елбасы Н?рс?лтан Назарбаевты? ша?ыртуымен келеді екен.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 11 желтоқсанда Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды "Анадолу" агенттігі. Бұл туралы Түрік мемлекеті басшысының әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркия президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен келеді екен.

Сапар барысында Ердоғанның Назарбаевпен кеңейтілген құрамда кездесуі жоспарланған. Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің аласындағы қарым-қатынас, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік Кеңесінің үшінші отырысына дайындық мәселелерін талқылайды. Айта кетейік, отырыс 2017 жылы Түркияда екі елдің басшыларының төрағалығымен өтеді.

 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама