Ердоған Қазақстанға келеді: мемлекеттік сапардың мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/rterdogan

Сыртқы істер министрлігі өкілі Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі өкілі Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған 12-13 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

"Сапар аясында 12 қазанда екі мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысы өтеді.

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама