Ердоған кортежін тоқтатып, қазақстандықтармен суретке түсті

Ердоғанның кортежі Бейнеден кадрлар

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған кортежін тоқтатып, қазақстандықтармен амандасты. Әлеуметтік желідегі видеоны Түркістан облысының әкімдігі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саммитке бет алған түрік көшбасшысының кортежі келген қонақтарды қарсы алып тұрған бір топ адамның жанына күтпеген жерден тоқтады.

Тұрғындар Режеп Тайип Ердоған отырған көлікке қарай жүгірді.

Жарнама
Жарнама

Түркия президенті жергілікті тұрғындармен қысқаша тілдесті. Ал кейбірі онымен естелікке суретке түсіп үлгерді.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Келесі күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында түрік көшбасшысының салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Тағы оқыңыз: "Мәңгілік достық" қандай: Ердоғанның Астанаға сапары туралы репортаж

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама