Ердоған Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі

Сурет: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. 

Реклама
Реклама

Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін", - делінген жеделхатта.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама