Ердоған Қазақстанда Мьянмадағы дағдарысты талқылайды

© Тұрар Қазанғапов

Т?ркия президенті Тайип Ердо?ан ?аза?стан?а сапарында Мьянмада?ы да?дарысты тал?ылайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Түркия президенті Тайип Ердоған Қазақстанға сапарында Мьянмадағы дағдарысты талқылайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ердоған Қазақстанға үшкүндік сапармен келе жатқаны айтылады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым мен технологиялар бойынша саммитіне қатысады. 

"Қазақстан біз үшін стратегиялық серіктес. Ол FETO-ен (оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленнің ұйымымен) күресте бізбен пікірлес және мұның үлкен қауіп екенін біледі. Терроризммен бірікке күресімізді тереңдете түсеміз. Сапар барысында Назарбаевпен кездесеміз, келісімшарттарға қол қоямыз. Өңірлік мәселелерді, сондай-ақ Сириядағы, Ирактағы, Палестинадағы, Мьянмадағы жағдайды талқылаймыз. Әсіресе Ракхайндағы драманы жан-жақты талқылаймыз", - деді Ердоған Ыстамбұлда Қазақстанға сапарының қарсаңында.

Реклама
Реклама

Айтуынша, Мьянмадан Бангладеште қашып барғандарға көмек көрсету мақсатында әйелі мен ұлы, сонымен қатар Түркия министрі, түркиялық СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы сапармен барған.  

"Күш салуымыздың нәтижесі бар: мұқтаждарға бір тонна жүк жеткізілді, екінші кезеңде 10 тонна дәрі, азық-түлік және киім-кешек жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жағдай қауырт, ол жақта қазір өмір сүретін лагерь жоқ. Бангладеш үкіметі бізге орын берсе, біз өзіміздің бай тәжірибемізді қолдана отырып, лагерь салуға дайынбыз", - деді түрік президенті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама