Ердоған Қазақстанға екі күнге сапармен келеді

Ердоған Қазақстанға екі күнге сапармен келеді

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 11 желтоқсанда Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды "Анадолу" агенттігі. Бұл туралы Түрік мемлекеті басшысының әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркия президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен келеді екен.

Сапар барысында Ердоғанның Назарбаевпен кеңейтілген құрамда кездесуі жоспарланған. Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің аласындағы қарым-қатынас, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік Кеңесінің үшінші отырысына дайындық мәселелерін талқылайды. Айта кетейік, отырыс 2017 жылы Түркияда екі елдің басшыларының төрағалығымен өтеді.

 

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама