ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2019 | 11:10
Ереже бұзу туралы фото және видео жібергені үшін сыйақы төлеу: ІІМ WhatsApp-хабарлама туралы пікір білдірді
ІІМ өкілдері қазақстандықтардың WhatsApp мессенджері арқылы таратып жатқан құқық бұзу деректері туралы "фото және видео жібергені үшін сыйақы беруді бастады" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ІІМ шын мәнісінде фото және видеоны арнайы мобильді қосымшаға жіберген азаматтарға сыйақы беру мәселесін қарастырып жатыр екен.
"Қайталап айтамын, бұл мәселе әлі де қарастырылып жатыр және мұндай мобильді қосымшаның сервисі бір күндік жұмыс емес. Барлық заңды сараптап, НҚА өзгертулер енгізу қажет. Нақты шешім шыққан уақытта, біз ресми дереккөз арқылы халықты құлақтандыратын боламыз", - деді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Показать комментарии
Читайте также