Ереже бұзу туралы фото және видео жібергені үшін сыйақы төлеу: ІІМ WhatsApp-хабарлама туралы пікір білдірді

© techspot.com

ІІМ өкілдері қазақстандықтардың WhatsApp мессенджері арқылы таратып жатқан құқық бұзу деректері туралы "фото және видео жібергені үшін сыйақы беруді бастады" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ІІМ шын мәнісінде фото және видеоны арнайы мобильді қосымшаға жіберген азаматтарға сыйақы беру мәселесін қарастырып жатыр екен. 

Реклама
Реклама

"Қайталап айтамын, бұл мәселе әлі де қарастырылып жатыр және мұндай мобильді қосымшаның сервисі бір күндік жұмыс емес. Барлық заңды сараптап, НҚА өзгертулер енгізу қажет. Нақты шешім шыққан уақытта, біз ресми дереккөз арқылы халықты құлақтандыратын боламыз", - деді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная