26 қазан 2018 | 16:49

Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды

Еренай Дәржібаев. © facebook.com

Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органдағылардың күдікті Дәржібаевқа қатысты бұлтарпау шарасы ретінде 2 айға - 2018 жылдың 24 желтоқсанына дейін үй қамауына алу туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Дәржібаев бұл қызметінен басқа Мәдениет және спорт министрлігінің Этика жөніндегі уәкілетті өкілі қызметін атқарады.

Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная