ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2021 | 10:08
ERG акционері Алиджан Ибрагимов қайтыс болды
Белгілі бизнесмен және Eurasian Resources Group акционері Алиджан Ибрагимов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ERG баспасөз қызметі растады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі бизнесмен және Eurasian Resources Group акционері Алиджан Ибрагимов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ERG баспасөз қызметі растады.
Алиджан Ибрагимов - ERG компаниясының ірі акционері.
Ол 1953 жылы 5 маусымда Өзбекстанда дүниеге келген. Үйленген, алты ұлы бар, Қазақстан азаматы.
Алиджан Ибрагимов 1974 жылы Мәскеу ветеринарлық академиясын "өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен саудасын ұйымдастыру экономикасы" мамандығы бойынша тәмамдады.
Бірқатар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экономисі және басшысы болып жұмыс істеді. "Невада-Семей" АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президенті болды. 1995-2000 жылдар аралығында Еуразиялық банк директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2001-2007 жылдары Қазақстанның тау-кен металлургия саласының флагмандарын біріктірген Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды, ал 2002-2007 жылдар аралығында "Қазхром "ТҰК" АҚ-ны басқарды. "Қазақстан алюминийі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. III дәрежелі "Парасат" және "Барыс" ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ бизнесті дамытуға және меценаттыққа қосқан елеулі үлесі үшін басқа елдердің қоғамдық ұйымдарының үкіметтік наградалары мен ордендерін алған.
2020 жылдың маусымында Алиджан Ибрагимов COVID-19-бен күреске қосқан үлесі үшін марапатталды. Ол "Жаңа Павлодар" қоғамдық қорына 100 миллион теңге көлемінде қайырымдылық жасаған ірі бизнестің алғашқы өкілі болды. Директорлар кеңесінің мүшесі бұл соманы Алматы қорына жіберді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также