ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2019 | 21:39
Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Ол 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры. Жауапты хатшы және мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Показать комментарии
Читайте также