Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды Фото: Ақорда

Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Бұған дейін ол Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Жарнама
Жарнама

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Қаржы министрлігінде жұмыс істеген. Жиенбаев Премьер-министр кеңсесінде аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі және заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Премьер-министр кеңсесінде заңнама, қорғаныс және құқық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Жиенбаев Премьер-министр кеңсесінде заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама