ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2022 | 09:48
Ерлан Әлімбаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды
Ерлан Әлімбаев сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерлан Әлімбаев сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Ерлан Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін, сондай-ақ Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтының магистратурасын бітірген.
Сыртқы істер министрлігі жүйесінде 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Дипломатиялық мансабын Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің ассистенті болып бастап, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі дәрежесіне дейін көтерілген. 2008-2010 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.
Әр жылдары Қазақстанның Үндістандағы және Корея Республикасындағы елшіліктерінде дипломатиялық қызметтерді, сондай-ақ Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігін атқарды. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі болған.
ІІ дәрежелі төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын, француз, урду және хинди тілдерін еркін меңгерген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также