ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2019 | 17:07
Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі болды
Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Бұл қызметте ол Ғабидолла Әбдірахымовты алмастырды.
Осыған дейін, ол Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Алғабас ауданында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. 1994 жылы ММУ-ді тәмамдаған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі болды.
Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan-да бастаған. Бір жылдан соң "Газойл" фирмасының қаржы директоры болды, содан кейін, ҚТЖ-да жұмыс істеді. 1998 жылы "Жолаушылар тасымалы" компаниясы директорының орынбасары болып тағайындалды.
2002 жылы Айтаханов Көлік және коммуникация министрлігінде департаментті басқарды. Осыдан кейін қазіргі Шымкент әкімі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде еңбек етті. 2009 жылы ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары, кейін Президент Әкімшілігінің инспекторы болып тағайындалды. 2014 жылы Айтаханов Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды. Екі жылдан кейін ол Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болды.
Показать комментарии
Читайте также