ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 23:07
Ерлан Қарин Қазақстанда не үшін төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді
Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстанда не үшін төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстанда не үшін төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ерлан Қарин Telegram-каналында қазақстандықтарды сабырға шақырды.
"Бұл ресурстарды жұмылдыру және мемлекеттік органдардың тез шешім қабылдауы үшін, вирустың кең таралуына жол бермеу үшін қажет. Төтенше жағдайды енгізу тиісті құқық режимінде қажетті шешімдерді ресімдеуге мүмкіндік береді. Мемлекет алдын ала әрекет етіп жатыр", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысының кеңесшісі.
"Негізгі шаралар бұрынғыдан да, одан кейін кезең-кезеңмен, жағдайдың дамуына байланысты қосымша алдын алу шаралары қабылданды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, әрине, жаңа шектеу шаралары болады, бірақ тұтастай алғанда, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі объектілердің жұмыс істеуі сақталады. Атап айтқанда, СОО-да дүкендер мен дәріханалар жұмыс істейді", - деді ол.
"Барлық осы шешім бірінші кезекте халықтың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде қабылданады. Бұл шаралар алдын алу сипатында екенін тағы да атап өткім келеді", - деп түйіндеді Ерлан Қарин.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелген: 2-еуі Нұр-Сұлтанда, 7-еуі Алматыда.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также