27 қаңтар 2022 | 10:06

Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары - Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында - санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная