Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды. Парламентшілер палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды. Парламентшілер палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылды. Төраға лауазымына үміткерлер бойынша басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Парламенттің төменгі палатасы спикерге жасырын дауыс беруі үшін мәжіліс залының фойесінде 6 кабина мен дауыс беруге арналған жәшік орнатылған. 20 минут ішінде депутаттарға дауыс беру үшін бюллетеньдер берілді.

Реклама
Реклама

"Бұл бюллетеньде өзіңіз дауыс беріп жатқан кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген секторлардың үстіне белгі қойыңыз", - деп түсіндірді депутат Наталья Дементьева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама