24 маусым 2022 | 17:38

Ерлан Қошанов: Парламенттік дипломатияның халықаралық саясаттағы орны ерекше

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бауырлас қырғыз елінің Чолпон-Ата қаласында өткен "Парламенттік дипломатия - сенім мен әріптестіктің негізі" атты ТүркПА-ның ХІ пленарлық отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бауырлас қырғыз елінің Чолпон-Ата қаласында өткен "Парламенттік дипломатия - сенім мен әріптестіктің негізі" атты ТүркПА-ның ХІ пленарлық отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдымен ұйымға мүше елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия Парламенті жетекшілері ТүркПАның Кеңесі отырысында бас қосты. Олар түркі әлемінің болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Реклама
Реклама

Ерлан Қошанов еліміздің осы ұйымға төрағалығы аясында атқарған жұмысын қорытындылап, 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалғанын атап өтті.

"Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістандағы басқосудан бері бір жылдай уақыт өтті. Қазақстанның төрағалығы кезеңінде тараптардың атсалысуымен Ассамблеямыздың жұмысы жүйелі және қарқынды түрде жалғасын тапты. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Түркі мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлуде", - деді Спикер.

Жиында ұйымда төрағалық ету мәртебесі Қазақстан Парламентінің Төрағасынан Қырғыз Парламенті басшысына салтанатты түрде тапсырылды.

Сонан соң ТүркПА-ға мүше елдер Парламенттерінің жетекшілері бірлестіктің ХІ пленарлық отырысында бас қосты. Оған қонақ ретінде келген Өзбекстан мен Түрікменстан Парламенті басшылары мен бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Парламентінің делегациясы да қатысты.

Ерлан Қошанов түркі мемлекеттері арасындағы интеграциялық үдерістер жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтты.

"Біз, парламентарийлер, мемлекет басшыларымыздың бастамасына сәйкес ТүркПА-ның да атауын "Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы" - деп өзгерткелі отырмыз. Бұл ребрендинг, бұл жаңару біздің Ассамблеяның  жаңа форматта жан-жақты дамуына ықпал етері сөзсіз. Біздің мүддеміз ортақ. Басты мақсатымыз Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, мызғымас берік байланыстарды дамыту", - деді Ерлан Қошанов.

Пленарлық отырыста Түркі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойылып, ұйымның 2028 жылға дейінгі стратегиялық жоспары мақұлданды.

Жиында құрылтайшы парламенттер басшылары Ассамблеяның атын "Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы" деп өзгерту жөнінде құжатқа қол қойды.

Суреттер: Ж.Жұмабеков

Соңында Чолпон-Ата декларациясы қабылданды. ТүркПА-ның келесі ХІІ пленарлық отырысы 2023 ж. Түркияда өтеді.

Отырыс аясында делегация басшылары Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаровпен кездесті. Онда Мәжіліс Спикері Е.Қошанов ұйымның қызметі жайлы мәлімет беріп, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ ұйымға мүше елдер арасында саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная