31 наурыз 2022 16:38

Ерлан Қошанов Президентке Мәжіліс жұмысы туралы баяндады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі Палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Президентке берілген ақпаратқа сәйкес екінші сессия басталғалы бері Мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматтары туралы айтты. Депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.

Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжілісмендер жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram