21 қыркүйек 2021 | 11:52

Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біз үшін бүгін өте ауыр күн, орны толмас қайғы. Айдың күннің аманында Алматы қаласындағы қайғылы оқиға нәтижесінде  5 азаматымыз оққа ұшты.

Оның ішінде ішкі істер органдарының екі қызметкері бар. Полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев өз жұмыстарын адал атқарып жүрген қатардағы қызметкерлер еді.

Реклама
Реклама

Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген қанатты сөзі бар.

Олар адамгершіліктерімен айналасына абыройлы болып, отансүйгіштіктерімен талайға үлгі бола білді.

Адам ретінде қалыптасты, азамат болып атқа қонды, патриоттық болмысымен ел тыныштығын қорғады.

Дархан Сүлеев ішкі істер саласында 18  жыл қызмет атқарса, Нұрбол Байғазиев 7 жылдан бері сапта қызмет етіп келді. Оларды әріптестері қызметіне адал, достыққа берік, жүрегі үлкен азамат ретінде мәңгі есте сақтайды.

Осы марқұмдардың әке-шешесі, отбасы, туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқым келеді.

Марқұмдардың жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болсын!

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная