ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 желтоқсан 2016 16:02
Ерлан Ыдырысов жаңа қызметке келді
?Р б?рын?ы сырт?ы істер министрі Ерлан Ыдырысов ?лыбританияда?ы ?аза?стан елшісі болып та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
ҚР бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті Ерлан Ыдырысовтың Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалғанын хабарлады. Мемлекет басшысы оған осыған дейін ведомство басшысы қызметін атқарғаны үшін алғыс білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа және жаһандағы жағдайларға байланысты Сыртқы істер министрлігіне алда біраз жұмысты атқару керектігін айтып өтті", - делінген хабарламада.
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы 1959 жылы 28 сәуірде Қарқаралыда дүниеге келген. 1999-2002 жылдары және 2012-2016 жылдар аралығында ҚР сыртқы істер министрі қызметінде болған. Ал 2016 жылдың 28 желтоқсанында Мемлекет басшысы Ерлан Ыдырысовты сыртқы істер министрі қызметінен босатқан болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу