ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 маусым 2015 22:45
Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды
Ал Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдың 22 қазанында Астана әкімі болып тағайындалған еді. Оған дейін ол жарты жыл бойы ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. Сонымен қатар, 2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылдары Қорғаныс министрі қызметін атқарды.
Мемлекет Басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының Өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Мемлекет Басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Бұл қызметке Ермегияев 2013 жылы Президенттің бұйрығымен тағайындалған болатын.
Жақсыбеков әр жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. 1988-1995 жылдары "Цесна" көпсалалық корпорациясының басшысы болды. 1995 жылы Парламент Сенатына сайланды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. 1997-2003 жылдары Астана әкімі, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды. Содан кейін төрт жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. 2008 жылдың қаңтарынан қазанына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу