22 қазан 2018 12:16

Ермегияевке болысқандардың ісі: Колонияның экс-басшысы 3 жылға сотталды

Ермегияевке болысқандардың ісі бойынша фигуранттарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермегияевке болысқандардың ісі бойынша фигуранттарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың Байқоңыр аудандық № 2 сотының судьясы Айжан Құлбаева қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің бұрынғы басшылығына қатысты істі аяқтады.

Реклама
Реклама

Сотталушылар Талғат Ермегияевке барлық жағдайды жасап беру мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын мойындады. Тергеу мәліметінше, олар жазасын өтеп жатқан "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке кездесулер ұйымдастырып отырған.

Колония басшысының бұрынғы орынбасары Талғат Мұсаев кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Ал Ермегияев бұл істе куәгер ретінде өтті.

Мұның алдында Талғат Ермегияевке болысқандар ісі бойынша сотта бұрынғы Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың жауабы тыңдалған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram