03 қазан 2018 | 14:41

Ермегияевке қорғаншылық көрсеткен колония басшысы сотталып жатыр

Астананың №2 Байқоңыр аудандық сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының сотталған экс-басшысы Талғат Ермегияевке қорғаншылық жасау ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астананың №2 Байқоңыр аудандық сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының сотталған экс-басшысы Талғат Ермегияевке қорғаншылық жасау ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдында ЕЦ 166/10 мекемесінің бұрығны басшысы мен орынбасары Талғат Мұсаев келді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 3-пункті ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша айып тағылған. Сотталушылар қамауда. Қазіргі уақытта сотта іс бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Реклама
Реклама

Бүгін сотта Астана ҚАЖ Департамент басшысының бұрынғы орынбасары Қазбек Әлімбеков жауап берді. Ол 2017 жылдың қыркүйегінде Ермегияев жазасын өтеп жатқан елордалық колонияға тексеріспен келгенін хабарлады. Сол уақытта ведомствода колония басшылығы сотталған Ермегияевке қорғаншылық көрсетіп жатыр деген дерек бойынша мәлімет тексерілген. 

Әлімбеков ұлттық компанияның экс-басшысы қатаң тәртіптегі колонияның қылмыстық іске қатысы бар өзге адамдардан бөлек екінші жасағында жаза өтегенін хабарлады. Айтуынша, Ермегияев "Еңбек" РМК-ға өндірістік аймақтағы жұмысшы ретінде қабылданған. Сол уақытта ол 24 мың теңге жалақы алған. Сондай-ақ, Астана ҚАЖД төрағасының бұрынғы орынбасары Ермегияевтің неліктен жеңілдетілген қамау тәртібіне ауыстырылғанын түсіндірді. 

"Ол мәдени-спорттық шараларға белсенді қатысты. Екі рет мадақталған. Жазаланбаған. "Әкелер мен балалар" тақырыбындағы конкурсқа қатысқан, қабырға газетін таныстырып, мини-футболдан сотталғандар арасындағы спартакиадаға қатысқан", - деп түсіндірді сотқа Қазбек Әлімбеков.

Сотта Әлімбеков Ермегияевке қорғаншылық көрсету дерегі бойынша тергеу басталғаннан кейін қызметінен босап қалғанын айтты. Қазір Әлімбеков басқа салада жұмыс істейді. 

Еске салайық, 2017 жылдың желтоқсанында ҚР ІІМ өкілдері Астана бойынша ҚАЖД ЕЦ 166/10 мекемесі лауазымды қызмет иелеріне қатысты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке жағымды жағдай жасады және қорғаншылық көрсету дерегі бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған еді. Осыдан кейін ЕЦ-166/10 түзету мекемесінің басшысы мен оның орынбасары ұсталып, қамауға алынған.

Ал мұның алдында Алматының экс-прокуроры Ғабит Миразов сотталған Талғат Ермегияевпен заңсыз байланыста болғаны үшін қызметінен босатылғаны анықталған. 

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ерменияев 2016 жылдың маусымында 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная