ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2021 | 13:54
Ермек Оспанов қызметінен не себепті кеткені белгілі болды
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Ермек Оспанов агенттік төрағасының бірінші орынбасары қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттіктің баспасөз қызметі Ермек Оспановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғанын хабарлады.
"Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаментінің директоры Лесбеков Ғабит Әбдімұтәліпұлы директордың бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Ермек Оспановтың қызметінен кетуі оның кеңсесінде жүргізілген тінту туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратпен байланысты ма деген сұраққа да түсініктеме берді. Ведомство өкілінің айтуынша, Оспановқа қатысты ешқандай тергеу жүргізілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также