Ермекбаев шетелде діни білім алудың қажеті жоқтығын айтты

Ермекбаев шетелде діни білім алудың қажеті жоқтығын айтты Нұрлан Ермекбаев

Дін істері ж?не азаматты? ?о?ам министрі Н?рлан Ермекбаев б?гінде шамамен 300 ?аза?станды? азаматты? шетелде діни білім алып жат?анын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде шамамен 300 қазақстандық азаматтың шетелде діни білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың бір бөлігі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен кеткен, олардың жартысынан көбі - біздің батыс облыстарымыздың азаматтары. Ал кейбір студентер оқуын бітіріп келеді, ал кейбіреулері сол күйі шетелдегі оқуын бітірмей қайтып келіп жатыр, - деді Нұрлан Ермекбаев.

"Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен емес, керісінше, өз еркімен кетіп, сол жақтағы күмәнді оқу орындарына түсіп қалған студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: елшілікпен, дипломаттармен, ҚМДБ өкілдерімен. Бірақ кеткендердің көпшілігі Қазақстанға өз еркімен оралады", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министр шетелдегі студенттермен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті.

"Студенттердің көбі қайтып келді - мұнда да білім алуға болатынын түсінді. "Нұр-Мүбарак" университетінде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Бір жаққа барып, түрлі қауіп-қатерге барудың керегі жоқ", - деді министр.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, діни білім алу үшін өз еркімен және аяқасты шетелге барудың қажеті жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама