Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ертісбаевтың орнына бұл қызметке Асқар Бейсенбаев келді.

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Автор сұрағы
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама