Ернат Сыбанқұлов бас көлік прокуроры болып тағайындалды

Дина Муратова Редактор
© Фото:atr.prokuror.gov.kz

Қазақстанның Бас көлік прокуроры болып Ернат Сыбанқұлов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы тағайындауға дейін ол Атырау облысының прокуратурасын басқарған. 

Қазақстанның Бас көлік прокуроры болып Ернат Сыбанқұлов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы тағайындауға дейін ол Атырау облысының прокуратурасын басқарған. 

Ернат Сыбанқұлов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Ол қызметін прокурордың көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейіннен Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб және Медеу ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Еңбекшіқазақ, Алмалы және Медеу ауданы прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Реклама
Реклама

2012 жылдан 2017 жылға дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарды. Ал бүгінге дейін Атырау облысы прокуратурасын басқарып келген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама