Ертең Астанаға іссапармен Владимир Путин келеді

© lenta.ru

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялы? экономикалы? ода? ше?берінде ?аза?стан президенті Н?рс?лтан Назарбаевпен ?зара ы?палдасты? м?селелерін тал?ылау ма?сатында Астана?а келеді, - деп хабарлайды Кремльді? баспас?з ?ызметі.

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өзара ықпалдастық мәселелерін талқылау мақсатында Астанаға келеді, - деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

"Төртінші қазанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға (Астана қаласына) барады. Путин мен Назарбаев Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасы және Еуразиялық экономикалық одақ және өзге аймақтық бірлестік шеңберінде ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Ал Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Елбасының Астанада өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысатыны айтылған "Нұрсұлтан Назарбаев 4 қазанда Астанада өтетін "Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту" атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысады. 

Реклама
Реклама

Іс-шара аясында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардың Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама