30 мамыр 2020 15:36

"Ертіс" футбол клубы Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты

Фото: kazfootball.kz

"Ертіс" футбол клубы қаржы тапшылығына байланысты Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ертіс" футбол клубы қаржы тапшылығына байланысты Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Клуб жиналыс өткізді. Онда осы жылдың қаңтар айында қабылданған қаржылық міндеттемелерді орындау мүмкін емес екені айтылды. Команданың бас демеушісі бұл жобаны қаржыландырмайды. Біз де тиісті қаржыны төлей алмаймыз. Ал қарыз күн сайын жиналып жатыр. Сондықтан біз жағдайды түсініп, чемпионатқа қатыспайтын болдық", - дейді Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев.

Реклама
Реклама

Чемпионатқа қатыспаудың басты себебі - легионерлердің келісім шарттарын төлеуге қаражаттың жетіспеуі. Клубты қаржыландыруға 1,8 миллиард теңге, демеуші есебінен 1,6 миллиард жоспарланған екен.

"Жыл басынан бері демеушілер 200 миллион теңге бөлді. Оларда бұдан артық ақша жоқ. Бюджеттен 183 миллион теңге төленді. Қалған 1,6 миллиард теңге Ақсу, Екібастұз футбол клубы орталықтарына беріледі. Олар Қазақстан чемпионатына қатысады" - деді Айдашев.

Оның айтуынша, "Ертіс" футболшыларына бірнеше рет ұсыныс жасалыпты.

"Біз командаларды легионерлерсіз қалдыруды ұсындық. Оларға өтемақы төленбей, тек жергілікті ойыншылар қалуы керек болатын. Бірақ барлығы ақпан және наурыз айларының жартысында жиналған қарызды төлеуді өтінді. Осылайша, біз ойыншыларға барлық міндеттемені орындай алмайтынымызды түсіндірдік. Оларды да түсінуге болады. Олар мұнда ақша табуға келді. Енді олар әр түрлі инстанцияларға шағым түсіре бастайды. Егер біз ойынды жалғастыра берсек және ойыншыларға ақша төлемесек, шағым түсуші де еді. Соттасамыз, жағдайды бақылаймыз", - деді Айдашев.

Сондай-ақ, басшы клуб банкротқа ұшырады деген ақпаратқа жоққа шығарды.

"Клуб банкротқа ұшырады деген қауесеттер тарады. Алдағы уақытта клуб банкротқа ұшырамайды. Қаржыны үнемдейміз. Салықтар бойынша не істеуге болатынын көреміз, қылмыстық істің қорытындысын күтеміз", - деп түйіндеді сөзін ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360482/thumb_m/photo_122783.jpeg"
    "title" => "Павлодардың бір бөлігі сусыз қалды: су беру қашан қалпына келеді?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/pavlodardyin-br-bolg-susyiz-kaldyi-su-beru-kashan-kalpyina-360482/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360087/thumb_m/photo_122354.png"
    "title" => "Павлодар полициясы "қу" жүргізушінің ұсталған сәтін көрсетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/pavlodar-politsiyasyi-ku-jurgzushnn-ustalgan-satn-korsett-360087/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359633/thumb_m/photo_121862.jpg"
    "title" => "Павлодарда кілтті жоғалатқаны үшін соққға жығылған әйел видеоға түсіп қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/pavlodarda-kltt-jogalatkanyi-ushn-sokkga-jyigyilgan-ayel-359633/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359584/thumb_m/photo_121813.jpeg"
    "title" => "Павлодарда доберманды таспен атқан ер адам айыппұл төлейтін болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/pavlodarda-dobermandyi-taspen-atkan-er-adam-ayyippul-toleytn-359584/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359573/thumb_m/photo_121798.jpeg"
    "title" => "Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралаған"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/pavlodarda-okushyi-syinyiptasyi-men-mugalmn-pyishakpen-359573/amp/"
  ]
]