ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сәуір 2019 | 12:34
Ертіс - Қазақстан бойынша ең ұзын жағалау болмақ
Павлодардың ең көрікті жері Ертістің жағасында су бұрқақтар жөнделіп, жарықшамдар ауыстырылып жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодардың ең көрікті жері Ертістің жағасында су бұрқақтар жөнделіп, жарықшамдар ауыстырылып жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.
Гүлзарлар пайда болады. Биыл жағалаудың ұзындығы 2 жарым шақырымға ұзарады. Жөндеу жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Тағы бір жаңалық, Ертіс жағасында заманауи коммуникациялық инфрақұрылымдар пайда болады.
Биыл Орталық жағалауды жаңартуға жергілікті билік 200 миллион теңге бөлген. Қаржының көбі жөндеу жұмыстары мен абаттандыру ісіне жұмсалады. Бірнеше жаңа жоба қарастырылған. Ертіс жағасының эстетикалық келбетіне баса мән берілмек.
"Өзеннің жағасы әдемі болуы керек. Жасыл желек қорын арттыруға назар аударылғаны жөн. Жоғарыдан қарағанда Ертістің айналасы алақанға салғандай көрінуі қала үшін өте маңызды. Бұл - ғажайып табиғаты бар ерекше жер. Сондықтан оның эстетикалық келбеті мен заман ағымына сай безендірілуіне баса мән берілгенін қалаймыз", - деді биолог Татьяна Пономарева.
Инновациялық көзқарас. Креативті идеялар. Шаһар басшылығы барлық бастамаларды қолдайды. Халыққа қолайлы болса болғаны. Енді аз күнде Ertis Promenade концерттік алаңының жазғы маусымы ашылады. Үлкен экрандар ілініп, жағажай сахнасы жарық шашатын түрлі иллюминациялармен безендіріледі. Ал баспалдақтарға жиналмалы орындықтар қойылады.
"Орталық жағалауда ұялы телефонды қуаттау құралдары, тегін сымсыз ғаламтор жүйесі орнатылады. Жобаны жүзеге асыру үшін баламалы энергия көздерін іске қосамыз. Мәселен, қолайлылық үшін күн батареяларын қолданбақпыз", - дейді мердігер ұйымның директоры Сергей Тычинин.
Орталық жағалау екі жаққа қарай ұзартылады. Ертістің бойын теміржол өткелінен бастап Усолка өзеніне дейін жаңарту жоспарланған. Жағалауға жүргізіліп жатқан кешенді жөндеу жұмыстары экологияға да оң әсерін тигізеді.
Жағалауда жүріп жатқан құрылыстың осы бөлігіндегі жұмыс аяқталған. Жыл сайын Ертіс өзені тасыған кезде бұл аумақты су алып кетіп жататын. Мердігерлер оның алдын алу үшін мынандай инфрақұрылым тартқан. Яғни жағаға тас қалап, үстін сым темірмен бекітіпті. Бұл бір жағынан осы жерден бастау алатын әйгілі «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
"Құсқонақты су шаю деңгейі төмендейді. Келешекте біз арнайы жобаны жетілдіретін боламыз. Қазіргі жұмыстардың өзі табиғи ескерткіштің сүйек қабатын сақтауға мүмкіндік береді", - дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі Назар Жұмабеков.
Осылайша абаттандырылған Ертіс жағалауының ұзындығы 7 шақырымға созылады. Бұл Қазақстан бойынша ең ұзын жағалау болмақ.
Показать комментарии
Читайте также