Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті

Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті Фото: polisia.kz

Абай облысында Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысында Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама