18 мамыр 2020 18:15

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Реклама
Реклама

"Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram