ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 маусым 2016 17:01
Ержан Бабақұмаров ОКҚ директоры қызметінен босатылды
Ержан Бабақұмаров ОКҚ директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ержан Бабақұмаров бұл қызметке 2012 жылдың қазанында келген еді. Оған дейін ол премьер-министр Канцеляриясының басшысы болды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу