ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2020 | 12:40
"Есеңгіреп қалдым" - Павлодар облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеуніктің тегі Павлодар облысы әкімі ұсталды деп таратылған ақпаратта бірге айтылған. Бүгін Арыстан Қабыкенов журналистермен өз кабинетінде кездесті.
"Шынымды айтсам, есеңгіреп қалдым. "БАҚ туралы" заңды пайдаланып, сіздер осыны жоққа шығарсаңыздар деймін, біреулер мен туралы жазыпты. Сіздер мені көріп тұрсыздар, жұмысымда отырмын. Басқа бірдеме болды деген ойыма да кіріп шықпаған. Әкем қоңырау шалып не болып жатқанын сұрады. Мен жұмысымда отырғанымды айттым. Кеше мен түркиялық инвесторлармен кездесіп, жобаларды талқылап жаттық", - деді ол.
Облыс әкімінің орынбасары күнделікті график бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Мен жұмыстамын, ештеңе болған жоқ. Менде күнделікті график. Қазір цифрландыру бойынша жиналысым бар. Кеше алқа отырысы болды, әкім тапсырма берді", - дейді Қабыкенов.
Баспасөз қызметінің өкілдері әкімдіктің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Облыстың бүкіл басшылығы өздерінің жұмыс орындарында. Облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, алайда ол Павлодарда жұмыс барысымен жүр", - деді баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сейітахмет.
Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама таралған. Аудиода ер адамның дауысы былай дейді: "Бүгін, 15 қаңтарда, әкім ұсталды". Павлодар облысының әкімдігі "Болат Бақауов ұсталды" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді.
Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Показать комментарии
Читайте также