Есеп комитеті Атырау облысында 10 миллиард теңге болатын заңбұзушылықты анықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есеп комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар бұзушылықтар анықталған.

"Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 миллион теңге мөлшерінде анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 миллион теңге қалпына келтірілді және 7,1 миллион теңге өтелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама