28 желтоқсан 2021 | 12:42

Есеп комитеті мемқызметкерлердің қара тізімін жасауды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мемлекеттік қаржымен жұмыс істеуге тыйым салынатын мемқызметкерлердің қара тізімін жасауды ұсынды. Годунованың ұсынысы "Хабар" телеарнасының "Национальный интерес" бағдарламасы эфирінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мемлекеттік қаржымен жұмыс істеуге тыйым салынатын мемқызметкерлердің қара тізімін жасауды ұсынды. Годунованың ұсынысы "Хабар" телеарнасының "Национальный интерес" бағдарламасы эфирінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бұл үрдіс жақсы жүріп жатыр, осыны қолға алып жатырмыз. Қаржы ресурстарын жұмсауға жауапты адамдарды жазалау керек. (...) Біз аудит нысандарынан ақпарат беруді сұраймыз. Өңірден немесе министрліктен үш ай бұрын жұмысқа қабылданған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы жазаланғаны туралы ақпарат келгенде, бұл көрсеткіш екенін түсінеміз", - деді Наталья Годунова.

Ол қаржылық заң бұзу деректеріне жол берген басқарма басшыларына өз еркімен қызметтен кетуге рұқсат берген жағдайларды мысалға келтірді, содан кейін олар облыс әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген. Годунованың айтуынша, мұндай жағдайға Есеп комитеті наразылық білдіреді.

Реклама
Реклама

"Облыс әкіміне, Президент Әкімшілігіне, премьер-министрге хабарлаймыз. Дегенмен, менің ойымша, мұндай тәжірибе көп елде бар. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге болады, бірақ мемлекеттік қаржымен жұмыс істемеу керек. Миллиондар, миллиардтар туралы сөз болғанда, менің ойымша, мұндай қара тізім қандай да бір жолмен заңнамалық деңгейде бекітілуі керек", - деп қосты Годунова.

Оның айтуынша, Есеп комитеті тиісті заңнамалық өзгерістерге бастама жасауды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная