ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2020 | 16:13
Есеп комитеті "Самұрық Қазына", "ҚазАгро" және "Бәйтерек" компанияларын тексеріп жатыр
Есеп комитеті "Самұрық Қазына", "ҚазАгро" және "Бәйтерек" холдингтері мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланып жатыр деп санайды. Олардың активтері 32 триллион теңгеден асып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен аптада Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаева ұлттық холдингтердің қызметі туралы баяндаған болатын. Президент өз кезегінде холдингтерді тексеруді тапсырған еді. Осылайша, тексеру барысында ұлттық компаниялардың қызметінде бірнеше проблема бар екені анықталды.
Есеп комитетінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында комитеттің үкіметтегілермен компаниялардың тиімділігін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізгені айтылады.
Показать комментарии
Читайте также