14 наурыз 2023 | 12:44

"Ешқандай қауіп жоқ" - БҚО әкімі Орал әуежайының шетелдіктерге сатылуы туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: 2gis.kz

БҚО әкімі Орал әуежайының шетелдік инвесторларға сатылуына қатысты пікір білдіріп, әуежайдың 49 пайызы Ресей азаматтарына сатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО әкімі Орал әуежайының шетелдік инвесторларға сатылуына қатысты пікір білдіріп, әуежайдың 49 пайызы Ресей азаматтарына сатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәміле жасырын жасалған жоқ. Бұл стратегиялық нысан, бірақ бүгінде ұшу-қону алаңы республикалық меншікте", - деді Төреғалиев Үкімет отырысы кулуарында.

Ол 49 пайызы ресейліктердің меншігіне өткенін айтты. Бұл ретте үлес қандай заңды немесе жеке тұлғаға берілгені көрсетілмеген.

Реклама
Реклама

"Демек, стратегиялық нысандардың бәрі мемлекет меншігінде. Бұл қызмет көрсететін басқарушы компания. Ешқандай қауіп жоқ, сондықтан тұрғындарға дұрыс ақпарат берулеріңіз керек", - деп түйіндеді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орал әуежайының сатылуы туралы қауесетке қатысты пікір білдірген болатын. Ол нысан сенімгерлік басқаруда болған деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная