20 наурыз 2019 | 21:05

Ешқандай іркілістер болмауы тиіс - Асқар Мамин кеңес өткізді

© primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-пинистрі Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік жөнінде кеңес өткізді. Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, 14 облыстың әкімдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен одақтар өкілдері қатысты.
 
Кеңесте егіс науқанын уақытылы қамтамасыз ету және алқаптарды жоспарланған қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады. 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқап көлемі - 22,3 миллион гектар, бұл өткен жылғы деңгейден 1,3 пайызға артық. Қолда 147 мың трактор, 79,4 мың соқа, 249 мың топырақ өңдейтін құрал бар.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде энергетика вице-министрі Б. Ақшолақов аграршыларды қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы баяндады. Мәселен, мұнай өңдеу зауыттарының бағасы 160 теңге/литр (193 мың теңге/тонна) болса, операторлардың жеткізуін ескерумен өңірлерде бағасы 174 теңге/литр-ді құрайды, бұл нарықтағы бағадан 15-20 теңгеге арзан.

Селекторлық режимде сонымен қатар негізгі астық егетін өңірлердің - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан областарының, сондай-ақ 10 облыстың әкімдері тыңдалды.

Бұдан өзге, кеңес барысында ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері сөз сөйледі. "Родина" агрофирмасы" ЖШС директоры И. Сауэр, "Вишневское" ЖШС директоры П. Рафальский шаруашылықтар тұрғысынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Кеңес қатысушылары қозғаған егіс алаңдарын суару мәселелеріне вице-министр Е. Нысанбаев түсініктеме беріп өтті.  

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Асқар Мамин көктемгі егіс науқанына әзірлік жүргізіліп жатқанын, ал оңтүстік өңірлерде егіс науқаны басталып кеткенін атап өтті. Осыған байланысты облыстардың әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді оңтайлы агротехникалық мерзімді сақтай отырып қамтамасыз ету тапсырылды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне проблемалық агрохолдингтердің егістіктеріне егін егілуін қамтамасыз етуге ерекше назар бөлу қажет.

"Сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыруды жалғастыру керек, - деп Асқар Мамин, мұның "ішкі нарықты қолжетімді өсімдік шаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз етумен, өңдеу кәсіпорындарын жүктемелеумен және мал шаруашылығының жем базасын нығайтаумен тікелей байланысты" екенін атап өтті.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, өңірлерге МӨЗ-дерден дизельді отынды тиеп жеткізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырып, ешқандай іркілістер болмауы тиіс екенін ескертті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная