Ешқандай іс-шара өткізілмейді - баспасөз хатшысы Тоқаевтың туған күні туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатқанын айтты.

"Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная