Кеше | 14:16

Ешкім байқамайды деп ойладыңыз ба? Полицейлер алматылықтардың видеосын көрсетті

видео кадры

Алматы полициясы қала тұрғындарының қоқыс лақтыру сәттерінен бейнеролик жинағын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қала тұрғындарының қоқыс лақтыру сәттерінен бейнеролик жинағын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейне жинақ ПД жедел басқару орталығының материалдары негізінде жасалған. Бұл бөлімшенің бейнебақылау операторлары азаматтар көп жиналатын жерлерге, тұрғын үйлердің аулалары мен көзге түспей қалатын, адам көп жиналмайтын орындарға да орнатылған камераларды тәулік бойы қадағалайды.

"Көптеген азаматтар камераға көрінбей қаламыз деп ойлайды. Олар қағазды немесе темекі тұқылын лақтырған кезде өздерін ешкім байқамайтындай көреді. Бірақ іс жүзінде теріс әрекеттері бейнежазбаға түсіп қалады және бейнежазба учаскелік инспекторға немесе патрульдік полиция экипажына жіберіледі. Әрқайсымыз атсалысып, салауатты, заңға бағынатын, принципшіл ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып, сол арқылы "Таза Қазақстан" науқанының жүзеге асуына өз үлесімізді қоса аламыз", – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Реклама
Реклама

Қоқыс тастап кеткен алматылықтарға айыппұл салынатыны бұған дейін хабарланған болатын. Алматыда абаттандыру саласындағы заңбұзушылықтармен күресу шаралары күшейтілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram